Қанат Ислам даулы жеңістен кейін келесі жекпе-жегін белгіледі

© massaget.kz
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) жаттығу лагерін желтоқсанда бастайды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасына жақын мәлімет көзі хабарлады. 

26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында WBO International белбеуі үшін өткен соңғы жекпе-жегінде Қанат Ислам намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Қанат Ислам жекпе-жектің жартысын сынған қолмен жұдырықтасты

Жекпе-жектен кейін Каутондоква төрешілер шешімімен келіспеді, ал оның менеджері Нестор Тобиас қазақстандық боксшыдан қарымта талап етті

Айта кетейік, атақты амеркалық менеджер Эгис Климас Исламмен келісімін үзді. Ол қазақ боксшының ісін 2018 жылдың ақпанынан бастап жүргізген еді. Ал қазір Қанаттың істерімен Нельсон Лопес айналысатын болды.

Ал Климас қазіргі таңда Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО), Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) мен Александр Усиктің (17-0, 13 КО) ісін жүргізеді. Сонымен бірге, менеджер командасында Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО), Мадияр Әшкеев (13-0, 6 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (11-0, 8 КО) және Сағадат Рахманқұлов (5-1, 3 КО) сияқты қазақ боксшылар бар.

WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша ресми мәлімдеме жасады
Жаңалықтар