Қанат Ислам 26 нокауты бар "сиқырлы" африкалықпен жекпе-жекке шығады

Сурет: Vesti.kz

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 КО) 20 ақпанда жекпе-жекке шығады,- деп хабарлайды Boxingscene.com.

Мәлімет бойынша, қазақ боксшының қарсыласы 33 жастағы ганалық Ободай Саи (35-3-1, 26 КО) болады. Жекпе-жек АҚШ-тың Майами қаласында өтеді. Ганалық "the Мiracle" (ғажайып, сиқыр) лақап атына ие. 

Осылайша, Қанат рингке 14 ай үзілістен кейін оралады. Кейінгі кездесуінде ол WBO International титулы үшін айқаста намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) жеңген еді.

Мұның алдында Ислам мексикалық Хайме Мунгиямен (36-0, 29 КО) жұдырықтасуы мүмкін екені айтылған еді. 

Жаңалықтар