Қанат Ислам 23 адамды нокаутқа түсірген "Жыртқышпен" айқасады

©Qazaq Promotion

38 жастағы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-17, 23 КО) өзімен жасты қазақстандық боксшы Қанат Исламға (28-1, 22 KO) қарсылас атанып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 7 қарашаға жоспарланған. Бұл туралы ақпарат BoxRec порталында жарияланған. 

"Уақытты бекер жоғалту". Сарапшы Қанат Исламға қатысты ащы шындықты айтты

"Жыртқыш" лақап атты Масьель карьерасын 2007 жылы бастап, жекпе-жектерінің көбін отанында өткізді. Сонымен қоса, АҚШ, Англия, Польша, Бельгия, Германия, Франция және Ресейде өнер көрсетті. Оның есебінде 34 жеңіс, оның ішінде 23 қарсыласын нокаутқа түсірген. Сонымен қоса, ол 17 боксшыдан жеңілген екен. 

2011 жылы ол WBO белбеуі үшін айқасты, алайда ресейлік Дмирий Пирогтан жеңіліп қалды. Жеті жылдан кейін GGG-дің бұрынғы қарсыласы америкалық Вилли Монроға төрешілер шешімімен есе жіберді. 

Кейінгі рет ол екі ай бұрын айқасты, ол кездесуде отандасы Марсело Эстебан Косерос оны нокаутқа түсірді. 

BoxRec порталындағы әлемдік рейтингте аргентиналық боксшы 163-орында тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport