"Канаданың ең мықты проспекті еді". Сарапшы Садриддин Ахмедовке қазіргі таңда не істеу керегін айтты

©Eye Of The Tiger Managеment

Қазақстандық Садриддин Ахмедовке (12-0, 10 КО) бұрынғы бабына қайта келу керек. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Boxingtalk.com порталының шолушысы Айван Монтиэль осындай пікір білдіріп, қазіргі жағдайда үлкен жекпе-жектер туралы ойлаудың өзі қиын екенін айтты. 

"Канаданың ең мықты проспекттерінің бірі бабының шыңырау шыңына жеткенде тоқтап қалды. Жарақат салдарынан карьерасында ұзақ үзіліс болды. Бұ жайсыз жағдай, өйткені бокста үнемі бабыңда болу қажет. Қазір қандай қалыпта екенін айту қиын. Биыл үлкен айқастар туралы ойламайтын да болар. Қазіргі таңда оның басты міндеті қалпына жылдам келу. Амал-әрекетке көшу керек", - дейді Монтиэль.

Ахмедов жыл бойына жекпе-жек өткізбеді. Кейінгі рет ол 2021 жылы қаңтарды голландиялық Стивен Даньомен (18-4-3, 7 КО) жұдырықтасып, бірінші орта салмақта NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алған. 

Өткен желтоқсанда Садриддин Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жегін өткізу керек еді, алайда, олай болмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport