Канадалық боксшы Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлын (13-0, 8 КО) жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.
12 раундтық жекпе-жек 14 мамыр Калифорниядағы Стоктон-Аренада өтеді.
"Бокста жүргеніме 11 жыл, қазір 27 жастамын. Тәжірибем мол және рингке бар тәжірибемді саламын. Әлемді таңдандырамын. Бұл тосын сыйдың үлкені болады. Әлімханұлы мені жеңемін деп ойлап қателесіп отыр. Мен ол үшін ең үлкен айқас боламын, мен оны құлатамын, осы сөзімді жаттап алыңыздар", - деді боксшы баспасөз мәслихаты кезінде.