Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ханчжоудағы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіден аса салмақтағы 1/2 финалда Қамшыбек үндістандық Нарендермен жұдырықтасты. Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы таза жеңіске жетті - 5:0. Осылайша, Қамшыбек осы жарыста бокстан финалға шыққан алғашқы қазақстандық болып отыр.