Қамшыбекте алтын және тағы бес жүлде. Қазақстан құрамасы Германиядағы турнирде жеңімпаз атанды

Сурет: ҚБФ

Қазақстандық боксшылар Кельнде өткен халықаралық турнирде алты жүлде жеңіп алды,- деп хабарлайды Vesti.kz

91 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының капитаны Қамшыбек Қоңқабаев және 91 келіге дейінгі салмақтағы Айбек Оралбай турнир жеңімпазы атанды. 

Германияда өткен турнирдің күміс жүлдегерлері: Сәкен Бибосынов (52 келі), Оразбек Асылқұлов (57), Ертуған Зейнуллинов (63) пен Нұрбек Оралбай (81). Бұл жарысқа Асланбек Шымбергенов (75) те барып, бірінші жекпе-жегінде жеңіліп қалды.

Турнирдің жүлделік есебі бойынша Қазақстан құрамасы бірінші орында.