"Қамшыбекті Өзбекстанға шақырамын". Қазақстан құрамасы капитанының бәсекелесі бокстағы текетірес жайлы

Сурет: olympic.kz
Әлем және Азия чемпионы Баходир Жалолов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық бәсекелесі Қамшыбек Қоңқабаевты құрметтейтінін, сондықтан оны өз отанында мейман еткісі келетінін айтты. 

"Қамшыбек те мықты боксшы, оны құрметтеймін. Бірақ бәрін ринг көрсетеді. Бұйыртса Олимпиадада жолығармыз. Оған сәттілік тілеймін. Өзбекстанға шақырамын, мұны қабыл алып, мейман болып келсе қуанатын едім", - дейді өзбекстандық аса сауыр салмақ жұлдызы. 



Айта кетейік, екі боксшы Аммандағы лицензиялық турнирде жұдырықтасуы мүмкін еді, алайда, Қоңқабаев жарақатына байланысты жарысты жалғастырмады.

Қоңқабаев пен Жалолов 2019 жылы әлем чемпионаты мен Азия біріншілігінің финалында кезіккен. Екі кездесуде де өзбекстандық жеңіске жетті.