Бүгін, 4 мамырда Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының төртінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бүгін Қазақстан құрамасынан рингке екі боксшы шығады.
14:00-де басталатын күндізгі сессияда Санатәлі Төлтаев 1/16 финалдық айқасын өткізеді. 63,5 келіде өнер көрсететін қазақ боксшының қарсыласы маврикийлік Ришарно Колин болады. Бұл жекпе-жек B рингінде өтеді, рет бойынша оныншы жұп.
Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда 92 келіден аса салмақта Қамшыбек Қонқабаев 1/16 финалдық жекпе-жекте ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасады. Кездесу А рингінде өтеді, боксшылар рет бойынша 13-жұпта.
Qazsport арнасы жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Сонымен бірге, интернет трансляция арнаның ресми сайтында да қолжетімді.