Қамшыбек Олимпиада чемпионы Джалоловқа қарсы жекпе-жекке шықпады

©Оlympic.kz

Болгария астанасында өтіп жатқан Странджа кубогінде қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев кезекті жекпе-жегіне шықпады, деп хабарлайды Vesti.kz

92 келіден аса салмақта өнер көрсететін Қамшыбек турнирдің ширек финалында ескі қарсыласы өзбекстандық Баходир Джалоловпен айқасу керек болған. Қазақ боксшының жекпе-жектен неге бас тартқаны белгісіз. 

Бұл боксшылардың айқасы 2020 жылғы Олимпиада финалының сәні болады деп күтілген, алайда ол кезде Қоңқабаев финалға жете алмады, ал Джалолов Олимпиада чемпионы атанған еді. Екі боксшы да кәсіпқойда өнер көрсетіп жүр. 

Осылайша, Джалолов автоматты түрде жартылай финалға өтіп отыр. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport