Қамшыбек Қоңқабаевтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды

©Olympic.kz. Жеңіс Ысқабай

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаевтың (3-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Әуесқой бокста Қазақстан құрамасының капитаны 11 желтоқсан күні Алматы қаласында төртінші кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы британиялық боксшы Стивен Уорд (11-1, 4 КО) болады. Бұл айқаста бірінші ауыр салмақтағы WBA Gold белбеуі сарапқа салынады. 

Аталған бокс кешінің андеркартында қазақстандық Сұлтан Зәуірбек және Талғат Шәйкен өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, бұл Қоңқабаевтың Олимпиада ойындарынан кейінгі бірінші жекпе-жегі болады. Ол кәсіпқой бокстағы кездесуіне байланысты Сербияда өткен әлем чемпионатына қатысудан бас тартты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: