Қамшыбек Қонқабаевқа Олимпиада алдында пәтер сыйлады

©Olympic.kz

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаевпен кездесіп, оған екі бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚБФ.

Қамшыбек Ханчжоуда өткен Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алып, Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған еді. 

Аймақ басшысы кездесу кезінде боксшының дайындығы туралы сұрап, оған алдағы Жазғы ойындарда сәттілік тіледі. 

"Қамшыбек, сізді мақтан етеміз! Қажымас еңбек пен ата-анаңыз бен жанкүйерлердің қолдауы арқасында биікке жеттіңіз деп ойлаймын. Біз аймағымыздың әр спортшысының жетістігіне қуанамыз. Олимпиада жүлдесін иелену әрбір спортшының арманы. Біздің чемпиондарға қарап мыңдаған жастардың спортқа ұмтылысы артады. Бүгінгі кездесудің басты мақсаты - бүкіл елдің жылы лебізін жеткізу. Сізді қолдап, қанаттандыру үшін пәтер кілтін табыстайық деп шештік", - деді Нәлібаев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport