Қамшыбек Қоңқабаев Қазақстан құрамасына қосылды

©ҚБФ

23 наурыз күні Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Жібек жолы" халықаралық турнирі өтеді.  Бір аптаға созылатын бәсекеге Қазақстан боксшылары да қатысады.

Оннан астам елден 100-ден аса боксшы қатысатын турнирде Қазақстан құрамасы 11 салмақ дәрежесінде сынға түседі.

Турнирге қатысатын Қазақстан боксшылары:

48 келі: Теміртас Жүсіпов
51 келі: Дамир Әбдіқадыр
54 келі: Тимур Қабешов
60 келі: Талғат Сырымбетов
63,5 келі: Серік Теміржанов
67 келі: Бақтияр Смағұлов
71 келі: Дархан Дүйсебай
75 келі: Тимур Нұрсейітов
86 келі: Бекзат Таңатар
92 келі: Сағындық Тоғамбай
+92 келі: Қамшыбек Қоңқабаев

Құраманы жаттықтырушылар Мырзағали Айтжанов, Марат Жақиев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов бастап барады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар