Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой бокста чемпиондық белбеу жеңіп алмақ

Сурет: AFP©

Қызылорда жұртшылығы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевты қарсы алды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жанкүйерлермен кездесу барысында боксшы алдағы жоспарлары туралы айтып берді. 

"Ары қарай өте алмауымның бірнеше тактикалық себебі болды. Мұның бәрін зерттеп, қорытынды жасаймыз. Алда жаңа жарыстар бар. Жақында Сербияда әлем чемпионаты өтеді. Соған қоса, кәсіпқой бокста чемпиондық титул жеңіп алғым келеді. Баршы қазақстандықтарға қолдау үшін алғыс білдіремін", - деп береді боксшының сөзін "Хабар 24".

Еске салайық, 91 келіден аса салмақтағы 1/2 финалда Қамшыбек америкалық Ричард Торрестен жеңілген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport