Бокс
10 қараша 2022 19:52

Қамшыбек Қоңқабаев Азия чемпионатының алтын жүлдесіне таласады

©ҚБФ

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының боксшысы Қамшыбек Қоңқабаев Амман (Иордания) қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қамшыбек Азия чемпионатының жартылай финалында тәжікстандық Мұхаммад Аброридиновпен кездесті. Бұл жекпе-жектің басынан аяғына дейін біздің боксшы бақылауда ұстап, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Енді осылайша отандасымыз алтын жүлдеге таласатын болды. 

Еске салайық, Қамшыбектен бөлек сары құрлықтың ақтық сынына Махмұт Сабырхан (54 келі), Санжар Тәшкенбай (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі) Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі) және Гүлсая Ержан (81 келі) жолдама алды.

Қола жүлдегер атанған спортшыларымыздың ішінде Саматәлі Төлтаев (60 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81) бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport