Қамшыбек баяғы қарсыласы Джалоловты жеңе алмады

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қонқабаев Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында 1/4 финалдық жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіден аса салмақта Қамшыбек баяғы қарсыласы Олимпиада чемпионы Баходир Джалоловпен жұдырықтасты. Үш раунд қортындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан өзбекстандық боксшыға берді - 5:0. Ал Қонқабаев жекпе-жек кезінде екі рет ескерту алды. 

Осылайша, 1/2 финалға жете алмаған Қамшыбек әлем біріншілігінің жүлдесіне іліге алмады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport