"Қалған шаруаны өзім бітіремін". Әлімханұлы Головкин салмағындағы чемпиондарды жекпе-жекке шақырды

Сурет: ringtv.com
Орта салмақтағы қазақстандық проспект Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) өз дивизионындағы чемпиондарды кезекті рет жекпе-жекке шақырды. 

"160 фунттағы чемпиондар, сендерді рингте күтемін! Жай ғана рингке шығыңдар. Қалған шаруаны өзім бітіремін. Белбеуді ұмытпаңдар", - деп жазыпты Әлімханұлы твиттер желісінде. 

Айта кетейік, орта салмақта WBC белбеуі америкалық Джермалл Чарлода, оның отандасы Деметриус Андраде WBO титулын иеленіп отыр. Мексикалық Сауль "Канело" Альварес WBC Franchise/WBA Super және екінші орта дивизионда WBA Regular чемпионы.

Сонымен қатар, IBF және IBO белбеулері өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкинде (40-1-1, 35 КО).