Бокс
31 мамыр 2021 22:08
 

Қалайша? Әбілхан Аманқұл қарсыласын нокдаунға түсірсе де жеңісті өзбек боксшыға берді

  Пікірлер

blog.share

Қалайша? Әбілхан Аманқұл қарсыласын нокдаунға түсірсе де жеңісті өзбек боксшыға берді Сурет: ҚБФ

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Азия чемпионатының финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz. Құрлықтық жарыс Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатыр. 

blog.share

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл Азия чемпионатының финалында жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz. Құрлықтық жарыс Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатыр. 

75 келідегі финалдық жекпе-жекте Әбілхан өзбекстандық Саиджамшит Жафаровпен жұдырықтасты. Екінші раундта қазақ боксшы қарсыласын есеңгіретіп, төреші нокдаун есептеді. Алайда кездесу аяқталысымен төрешілердің бөлек шешімімен жеңіс Өзбекстан боксшысына берілді, есеп 4:1. 

Айта кетейік, бұған дейінгі Қазақстан құрамасының екі боксшысы - Даниял Сәбит және Абылайхан Жүсіпов те жарыстың күміс жүлдегері болды. 

Еске салайық, Әбілхан 2017 жылғы Азия чемпионатында қола жүлдегер болған. Сол жылғы Әлем чемпионаты және 2018 жылғы Азия ойындарында күмісін алды.

Әбілхан Токиодағы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайтын болады. 

Жарнама

Живи спортом!