"Қалай сабайтынын айтпай-ақ қояйын". Биволдың бапкері "Канеломен" айқас жайлы

©Boxing Video

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің келесі қарсыласы Дмитрий Биволдың бапкері Геннадий Машьянов 7 мамырдағы айқасқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат"

Сарапшы "Канелоға" үлкен қауіп төнгенін мәлімдеді

"Ерте ме, кеш пе бұл айқас өтерін білгенмін. Екеуі суперорта және жартылай ауыр салмақ аралығындағы ең мықты боксшылар. Олар сөзсіз кезігу керек болатын. 

Дима "Канелоны" қалай сабайтынын айтпай-ақ қояйын. Дима тамаша бокс көрсетіп, жанкүйерлерді қуантқанын қалаймын. Көрермендер жоғары санаттағы, техникаға толы нағыз бокс тамашаласын", - дейді маман Little Giant Boxing YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport