auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қабырғасы сынған Головкиннің "құрбаны" P4P рейтингінде GGG-ді үштікке енгізбей қойған

Қабырғасы сынған Головкиннің "құрбаны" P4P рейтингінде GGG-ді үштікке енгізбей қойған
Мэттью Маклин және Геннадий Головкин. © ESPN
Британиялық Sky Sports арнасының сарапшысы және MTK Global менеджерлік компаниясының негізін қалаушы Мэттью Маклин салмақ дәрежесіне қарамастан құрылған (Р4Р) әлемнің ең мықты он боксшының рейтингін жасады. 

Өзінің жеке рейтингінде бірінші орынды ол үш салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпион украиналық Василий Ломаченкоға (11-1, 9 КО) беріпті. Екінші орында жеңіл салмақта WBC және IBF чемпионы америкалық Майки Гарсия (39-0, 30 КО), ал үшінші - алғашқы орта салмақтағы абсолют чемпион америкалық Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО).

Ал өзінің бұрынғы қарсыласы қазақстандық Геннадйи Головкинді (38-0-1, 34 КО) Маклин тек төртінші орынға қойыпты. Маклин мен Головкин 2013 жылы жылы жұдырықтасып, қазақстандық үшінші раундта оны денесінен соққы жасап нокаутқа түсірген. Кейін британиялық Головкин ол соққысымен қабырғасын сындырып жібергенін мойындаған.

"Головкин бұрынғысынша деп ойламаймын, бірақ, әлі де алдыңғы қатарда. Соңғы бес жылда ол көп тер төкті - жылына төрт-бе жекпе-жек. Бірақ ол қартайды", - деп түсіндірді Маклин өз рейтингін. 

Сонымен бірге, өз P4P рейтингін жасаған екінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Карл Фроч Головкинді жетінші орынға ысырды.

"Головкин соңғы 18 айда бұрынғыдай дүлей күш емес, бірақ, ол кез келген P4P тізімінде болады. Ол әлі де қауіпті және бокстан кеткенше солай қала береді", - деп түсіндірді Фроч. 

Ал Алғашқы ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Джонни Нельсон өз рейтингінде қазақстандықты бірінші орынға қойды.

"Геннадий тізімдегі басқа боксшылар сияқты жоғары өрлеп бара жатқан жоқ, алайда, бірінші болуға лайықты. Ол жеңілмеген, әлі жұдырықтасып келеді, белсенділігі төмендемеді және "Канелоға" қарсы жұдырықтасқанда рингтегі білгірлігі мен тапқырлығын көрсетті", - дейді Нельсон. 

Маклин құрған рейтинг мынадай:

1. Василий Ломаченко (11-1, 9 КО)
2. Майки Гарсия (39-0, 30 КО)
3. Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО)
4. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО)
5. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
6. Александр Усик (15-0, 11 КО)
7. Эррол Спенс (24-0, 21 КО)
8. Джермалл Чарло (27-0, 21 КО)
9. Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО)
10. Энтони Джошуа (21-0, 19 КО).
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама