Қабағы жарылды. Қазақстандық боксшының финалдағы жекпе-жегі тоқтатылып жеңісті өзбек боксшыға берді

Абылайхан Жүсіпов. Сурет: ҚБФ

Қазақстан құрамасының боксшысы Абылайхан Жүсіпов Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

69 келідегі шешуші айқаста қазақстандықтың қарсыласы өзбекстандық Бобо-Усмон Батуров болды. Қазақ боксшы бірінші раундта қабағын жарып алды. Осыдан кейін жекпе-жек тоқтатылды. Ал төрешілер бөлек шешіммен жеңісті өзбек боксшыға жазды. 

Жүсіпов 2017 және 2019 жылғы әлем чемпионаттарының қола жүлдегері екенін айта кетейік. 

Мұның алдында Қазақстан құрамасынан 49 келі Даниял Сәбит финалда өзбекстандық Нодиржон Мирзахмедовке есе жіберіп, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Жаңалықтар