Бүгін, 26 ақпанда Қанат Ислам (28-0, 22 КО) орта салмақтағы WBO Global белбеуі үшін айқасын өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Бұл айқас АҚШ-тың Плант-Ситидегі бокс кешінде өтті. Ал қазақ боксшының қарсласы британиялық Джимми Келли (25-2, 10 КО) болды. Он раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британиялыққа берді.
Айта кетейік, бұл Қанаттың карьерасындағы алғашқы жеңілісі.