"Жылқы" лақап атты әлем чемпионы Әлімханұлымен айқаспақ

©Allboxing

Орта салмақта WBC ұйымының "уақытша" чемпионы доминиканалық Карлос Адамес Twitter желісінде қай боксшылармен айқасқысы келетінін жазыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол боксшылардың бірі орта дивизионда WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екен. Онымен қатар, Адамес WBC белбеуіне ие америкалық Джермалл Чарло мен мексикалық Хайме Мунгияны да атады.

"Менің көздеген мақсатым осыларың бәрі!" - деп жазыпты Адамес.

El caballo (Жылқы) лақап атты Карлос Адамес мұның алдында да Жәнібекті жекпе-жекке шақырғанын айта кетейік.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport