АҚШ-тың Анахайм қаласында өткен бокс кешінің кардында жеңіл салмақты америкалық боксшылар Флойд Скофилд (19-0, 13 КО) пен Тевин Фармер (33-9-1, 8 КО) жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Он раундқа жоспарланған айқас бірінші раундта-ақ аяқталды. Скофилд қарсыласын жылдам нокдаунға түсірді. Фармер орнынан тұрып, жекпе-жекті жалғастырғанымен, толықтай қалпына келе алмады. Бұл сәтті Скофилд тиімді пайдаланып, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Осылайша, 22 жастағы Скофилд кәсіпқой карьерасында 19-рет жеңіп отыр, оның он үші нокаутпен. Ал 34 жастағы Фармер үшін бұл тоғызыншы жеңіліс болды. Сонымен қатар, ол 33 рет жеңіск ежетіп, бір рет тең түскен екен.
Еске сала кетейік, Тевин Фармер 2018 және 2020 жылдар аралығында бірінші жартылай жеңіл салмақта IBF чемпионы болған.
Осы кештің басты жекпе-жегінде америкалық блогер Джейк Пол (12-1, 7 КО) Мексиканың бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сесар Чавесті (54-7-1, 34 КО) жеңді.