Пожалуйста, подождите...Укажите emailУкажите имя или псевдонимУкажите парольДля регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообществаДля редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайтеУкажите корректный Emailmaterial_dobavlen_v_izbrannoeДобавить в избранноеУбрать из избранногоПароли не совпадаютЗадайте пароль для входа на сайтХороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символовСпасибо за Ваш голос!Добавить +1Убрать +1Выберите вариант ответа
Бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) америкалық аренадағы алғашқы жекпе-жегі қандай жағдайда өткенін айтып берді.
Америкалық көрермен алдында Головкин алғаш рет 2012 жылы польшалық Гжегож Проксамен жұдырықтасқан. Нью-Йорк штатындағы Верон қаласында өткен бұл жекпе-жекке GGG 23-0 рекордымен шығып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Бұл кездесу HBO арнасынан көрсетілді, 45 жылдан кейін телеарна биылдан бастап бокс көрсетілімін тоқтатты. HBO Головкиннің жалпылай 15 жекпе-жегін трансляциялаған екен.
"2012 жылдың 1 қыркүйегі. HBO бізді өз шоуына қосуды жалындық, жылап сұрадық. Екі жігіт жарақат алып, бізді қателесіп жекпе-жекке қойды. Геннадий өзін жақсы көрсетті. Осынша қысқа уақытта тамаша іс өткердік деген ойдамын. Ол карьерасының шыңына жетті. Елі мақтан тұтатындай ете алды және біз онымен бірге жұмыс істейтінімізге мақтанамыз", - дейді Санчес Villainfy Media тілшісіне берген сұхбатында.
HBO арнасымен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек 2018 жылы қыркүйектегі Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 35 КО) қарымта еді. Головкин бұл жекпе-жекте төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. Жақында Головкин жаңа телесеріктеспен - DAZN стриминг қызметімен келісім жасады.
Жарнама