Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (17-0, 15 KO) мексикалық Маркос Васкесті (21-4-1, 10 KO) нокаутқа түсіргеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде бірден төрт сатыға көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Нұрмағанбет IBF рейтингінің үздік бестігіне енді
Жекпе-жек 31 қазанда Эр-Риядта Сауль "Канело" Альварес пен Кристиан Мбилли қатысқан бокс кеші аясында өтті. Нұрмағанбет қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық боксшы IBF рейтингіндегі жоғарлап, енді дивизионда бесінші орынға жайғасты.
IBF рейтингінің үздік бестігіне кім енді?
Екінші орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуі кубалық Ослейс Иглесиасқа (16-0, 15 KO) тиесілі. Рейтингтің алғашқы екі сатысы әзірге бос тұр. Үшінші орында франциялық Кевин Леле Саджо (30-1, 25 KO), ал төртінші орында Ливия боксшысы Малик Зинад (24-1, 18 KO).
Осылайша, Нұрмағанбет ұйымның чемпиондық атағына басты бес үміткердің қатарына қосылды.
Жарнама