Жыл нокауты? Қазақстандық боксшының спарринг серігі қарсыласын бір соққымен сұлатты

Сурет: RCTI+

АҚШ-тың Анкасвилл қаласында өткен ShoBox: The New Generation шоуының басты жекпе-жегінде супержеңіл (63,5 келі) салмақтағы америкалық Брэндан Ли (22-0, 20 КО) отандасы Сэмюэль Теаны (17-4-1, 7 КО) үшінші раундта сұлатты,- деп хабарлайды vRINGe.com.

Бастапқы екі раундта боксшылар арасындағы бәсеке жоғары болған, бірақ, үшінші раундта бәрі күрт өзгерді. Ли қарсыласын алдымен есеңгіретіп алды да, одан кейін оң жақ хукпен есінен тандырды. 

Еске салайық, Ли қазақстандық Руслан Мәдиевке бірнеше рет спарринг серік болған. Кейінгі жекпе-жегінде Мәдиев "Зорро" лақап атты пуэрториколық Даниэлито Зорильеден жеңілді. Қазақстандық боксшының ісін "Канелоның" бұрынғы промоутерлері - Golden Boy Promotions компаниясы жүргізеді. 

Жаңалықтар