Бокс
Бүгін 09:26

"Жыл жекпе-жегін" жеңіп алған қазақ әлемде үздік атанды

©Nomad Promotions

World Boxing халықаралық федерациясының нұсқасы бойынша "Жылдың үздік боксшысы" атағына арналған дауыс беру аяқталды.

Ерлер арасында бұл номинацияда Махмұд Сабырхан жеңімпаз атанды. Ол жанкүйерлер тарапынан ең көп дауыс жинады.

Әйелдер арасындағы дауыс беру қорытындысы бойынша Наталья Богданова жыл үздігі деп танылды.

Сондай-ақ, Астанада өткен Әлем кубогінің ширек финалындағы Махмұд Сабырхан мен филиппиндік Аарон Джуд арасындағы кездесу жылдың ең үздік жекпе-жегі деп мойындалды.

Айта кетейік, дауыс беру Instagram әлеуметтік желісінде өтті. Әр "лүпіл" бір дауысқа тең болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport