Бокс
26 сәуір 2021 11:36

Жүзге жуық адам жиналды. Өзбекстан мен Украинадан асып түскен жеңімпаздарды қалай күтіп алды?

Сурет: Vesti.kz©

Польшада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында екі алтын жеңіп алған қазақстандық боксшылар Нұр-Сұлтан қаласына келді, деп хабарлайды Vesti.kz. Жалпы есепте спортшыларымыз он жүлде иеленіп, турнирдің командалық есебінде Ресейден кейін екінші болды.

Әуежайда спорт делегациясын боксшылардың туыстары, сыныптастары мен жақындары күтіп алды. Жалпы жүзге жуық адам жиылды. Күтіп алушылар ән айтып, шашу шашып, дәм ауыз тигізді. Әлбетте келгендердің бәрі спортшылармен суретке түсіп қалғысы келді. 

 

 

 Айта кетейік, қазақстандық боксшылардан Санжар Тәшкенбай (49 келі) және Сабыржан Аққалықов (64 келі) алтын жеңіп алды.

Ерболат Сабыр (56 келі) және Елнұр Сүйінбай (60 келі) күміс жүлде иеленді, ал Диас Молжігітов (75 келі) қола жүлдеге қолжеткізді. 

Қыздар командасы да бес жүлде жеңіп алды. Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) және Дана Дидай (75 келі) күміс. Жасмин Қизатова (69), Әсел Сағатова (81) және Елдана Талипова (81 келіден аса) қола жүлде.