Жүсіповті жеңген өзбек боксшы "Канелоның" андеркардында жұдырықтасады
Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған өзбек боксшысы Шахрам Гиясов келесі кездесуін 7 мамыр күні өткізеді. Бұл туралы Repost.uz порталы хабарлады.
Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған өзбек боксшысы Шахрам Гиясов келесі кездесуін 7 мамыр күні өткізеді. Бұл туралы Repost.uz порталы хабарлады.
Жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Гиясовтың қарсыласы мексикалық Кристиан Гомес болады.
Ал осы бокс кешінің басты айқасында Сауль "Канело" Альварес пен ресейлік Дмитрий Бивол жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Гиясов соңғы кездесуін аргентиналық Кристан Рафаэль Кориаға қарсы өткізіп, жеңіске жеткен. Ол жалпы кәсіпқой бокста 12 айқас өткізіп, барлығында мерейі үстем болған.
Еске салайық, Гиясов әуесқой бокста Азия чемпионы атанған. 2017 жылы ол Ташкентте өткен Азия біріншілігінің финалында қазақстандық Абылайхан Жүсіповті жеңген еді.
Жарнама