Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Нидерландыда өткен халықаралық Eindhoven Box Cup турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалда Жүсіпов Өзбекстан боксшысы Асадхужа Муйдинходжаевпен жұдырықтасты.
Жекпе-жек бірінші раундта-ақ тоқтатылды - өзбекстандық боксшының қасы жарылып, кездесу жалғаспады.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов 2023 жылғы әлем чемпионы және 2024 жылғы Олимпиада жеңімпазы Муйдинходжаевты мерзімінен бұрын жеңіп, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, Eindhoven Box Cup – әуесқой бокста Еуропадағы ең беделді турнирлердің бірі. Қазақстандық спортшылар үшін бұл жарыс Олимпиада ойындарының іріктеу турнирлері мен басқа да халықаралық додаларға дайындықтың маңызды кезеңі болып саналады.
Жарнама