Бокс
Бүгін 09:12

Жүсіпов Қазақстан қоржынына Әлем кубогінің үшінші алтынын салды

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов World Boxing ұйымының Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Ол Қытайдың Гуйян қаласында өткен турнирдің финалында Үндістан боксшысы Дипак Дипакпен кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шешуші жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Кездесу қорытындысында төрешілер жеңісті бірауыздан 5:0 есебімен қазақстандық боксшыға берді.

Бұл Абылайхан Жүсіпов пен Дипак Дипак арасындағы алғашқы кездесу болды.

Осылайша, 29 жастағы Жүсіпов World Boxing ұйымының Әлем кубогы сериясындағы алғашқы алтынын жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қытайдағы Әлем кубогында Қазақстан құрамасына алтынды Назым Қызайбай (54 келі) мен Виктория Графеева (60 келі) сыйлаған болатын. Абылайхан Жүсіпов ұлттық құраманың қоржынына үшінші алтын жүлдені салды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport