Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде жартылай жеңіл салмақтағы WBA чемпионы, жергілікті боксшы Ник Болл (23-1-1, 13 KO) америкалық Брэндон Фигероамен (27-2-1, 20 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Шешуші сәт 12-раундта болды. Ник Болл бір құлады, алайда, қайта тұрып айқасты жалғастырғандай болды. Бірақ Фигероа оны арқаннан асыра ұшырып, ауыр әрі тартысты кездесуде жеңіске жетіп, британиялық боксшының чемпиондық белдігін тартып алды. Айта кетейік, бұл Болл үшін титулды төртінші мәрте қорғау болатын.
Осылайша, Брэндон Фигероа кәсіпқой карьерасында 27-жеңісіне жеттті (20 нокаут). Қазіргі таңда америкалық боксшының еншісінде екі жеңіліс пен бір тең ойын бар. Ал Ник Болл 23 жеңіс пен бір тең нәтижеден кейін алғашқы рет жеңіліс тапты.