Қазақстандық Серік Теміржанов Белградтағы әлем чемпионатында жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіде жұдырықтасатын Теміржанов құрама сапынан рингке соңғы шықты. Қазақ боксшының қарсыласы кубалық Освель Кабальерро болды. Үш раунд қорытындысы бойныша төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді. Ал бірінші раундта Серік кубалықты нокдаунға түсірді.
Финалда қазақстандық боксшы америкалық Джамал Харвимен жұдырықтасады.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов, Махмұд Сабырхан мен Сәкен Бибосынов финалға шыққан. Ал Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жеңіліп, турнирдің қола жүлдегері атанды.