Бокс
10 қыркүйек 19:09

Жүлде үшін айқаста Махмұт пен қарсыласы бір-бірін кезекпен нокдаунға түсірді

©ҚБФ

Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан Ливерпуль (Англия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында ширек финалындық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сабырханның қарсыласы жапониялық Руи Ямагучи болды.

Алғашқы раундта Махмұт қарсыласын нокдаунға түсірді. Бұдан бөлек, төреші ережені бұзғаны үшін Ямагучиден бір ұпай шегерді. Нәтижесінде алғашқы үш минуттық раундтан кейін қазақстандық боксшы айқын басымдықпен алға шықты. Қазылардың жазбаларында есеп 30:28 (5:0) болды.

Екінші раундтың соңғы минутында Ямагучи Сабырханды нокдаунға түсірді. Соған қарамастан, бұл раундта да төрешілердің басым бөлігі жеңісті Махмұтқа берді - 4:1.

Шешуші, үшінші раундта Сабырхан қарсыласына жекпе-жек барысын өзгертуге мүмкіндік бермей, кездесуді өз пайдасына аяқтады.

Осылайша, Махмұт Сабырхан жартылай финалға өтті және кем дегенде қола жүлдені еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport