Қазақстандық боксшы Хамза Мақсатұлы Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында ол тәжікстандық Исфандиор Хасимовты мерзімінен бұрын жеңді. Мақсатұлы бірінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Жартылай финалға жолдама қазақстандық боксшыға кемі қола жүлдеге кепілдік беріп отыр.
Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Futures Cup U-19 турнирі World Boxing ұйымының қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл жарысқа Қазақстан құрамасы 19 боксшыны апарды.
Жарнама