Жүлде Қытайға. Қазақ боксшы кіші ӘЧ-де жеңіске жетті

©IBA

Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Болгария астанасында өткен Страджа кубогінде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.

80 келі салмақтағы финалда Тоқтарбек ринг қожайыны - болгариялық Кристиян Николовпен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (4:1).

Осылайша, Қытай құрамасының боксшысы алтын жүлдегер атанды, ал Николов күміс иеленді. 

Еске салайық, жартылай финалда Тоқтарбек қазақстандық боксшы Тұрсынай Құлахметті жеңді

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар