Қытай қазағы Тоқтарбек Таңатқан Болгария астанасында өткен Страджа кубогінде жеңімпаз атанды, деп жазады Vesti.kz.
80 келі салмақтағы финалда Тоқтарбек ринг қожайыны - болгариялық Кристиян Николовпен жұдырықтасып, төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті (4:1).
Осылайша, Қытай құрамасының боксшысы алтын жүлдегер атанды, ал Николов күміс иеленді.
Еске салайық, жартылай финалда Тоқтарбек қазақстандық боксшы Тұрсынай Құлахметті жеңді.