Жүкембаевтың WBA және IBF титулдары үшін бұрынғы әлем чемпионымен жекпе-жегінің видеосы

27 қыркүйек 2019 16:48
© Eye of The Tiger
Бүгін, 27 қыркүйекте орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкесті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың жекпе-жегі Канаданың Монреаль қаласында өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл кездесуде WBA Continental мен IBF Inter-Continental белбеулері сарапқа салынды.

Жүкембаев - Васкес жекпе-жегі жоспарланған 10 раундқа созылды. Нәтижесінде Жүкембаев төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті: 100:90, 99:91, 99:91.



8 жастағы Жүкембаев кәсіпқой рингте әлі жеңілген жоқ - 17 жекпе-жегінің 13-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал бұған дейін 41 жеңісі болған 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңіліп отыр.