Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) пен өзбекстандық нокаутшы Шохжахон Эргашев (26-2, 23 КО) арасындағы жекпе-жек өткізілуіне санаулы күн қалғанда тосын жағдай болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жүкембаев жекпе-жектің өтпейтінін мәлімдедіКездесудің болмайтыны туралы Батыр Жүкембаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
Бес айлық дайындық нәтижесіз қалды
Бұл айқас Жүкембаев үшін соңғы уақыттағы ең маңызды жекпе-жектердің бірі саналған еді. Алғашында кездесу 9 мамырға жоспарланған болатын, кейін шамамен бір айға шегеріліп, енді мүлде өтпейтін болды.
32 жастағы қазақстандық боксшы соңғы ресми жекпе-жегін 2025 жылдың 5 сәуірінде Астанада өткізді. Сол кездесуде ол Ұлыбритания өкілі Кейн Гарднерді (18-5, 7 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.
Эргашев туралы не белгілі?34 жастағы Шохжахон Эргашев Өзбекстан аумағындағы қатарынан үшінші жекпе-жегін өткізуді жоспарлаған болатын. Өзбекстандық былғары қолғап шебері соңғы рет 4 қаңтар күні Самарқандта шаршы алаңға шығып, Үндістан боксшысын мерзімінен бұрын жеңген.
Қазіргі уақытта кездесудің не себепті өтпей қалғаны ресми түрде жарияланған жоқ. Сондықтан Батыр Жүкембаев пен Шохжахон Эргашев арасындағы ықтимал жекпе-жектің болашақ тағдыры әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.