Жүкембаевты жеңген нокаутшы жалғыз жеңіліс үшін қарымтасын алмақ

10 желтоқсан 2021 11:21
©Bad Left Hook

Бірінші жартылай орта салмақта титулға үміткер 29 жастағы пуэрториколық нокаутшы Сабриэль Матиас (17-1, 17 KO) 22 қаңтар кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Fightnews.info.

Бұл күні ол 33 жастағы ресейлік Петрос Ананянмен (16-2-2, 7 KO) қарымта өткізеді. Бұл айқастың орны әлі белгіленбеді. 

Боксшылар 2020 жылы жұдырықтасып, ол кезде Ананян апсет жасап, Матиасты он раунд қорытындысы бойынша жеңген еді. 

22 қаңтардағы бұл бокс кешінің басты айқасында жартылай жеңіл салмқата WBC чемпионы америкалық Гэри Рассел (31-1, 18 KO) мен филиппиндік Марк Магсайо (23-0, 16 KO) жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар