Ташкентте (Өзбекстан) өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде өзбекстандық Шохжахон Эргашев (27-2, 24 KO) пен ресейлік Марк Урванов (26-8-2, 11 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай жеңіл салмақта өткен кездесу он раундқа жоспарланғанымен, бірінші раундта-ақ аяқталды.
Урванов жекпе-жек бастала салысымен - 26-секундта тізерлеп, алғашқы нокдаунға түсті. Ал гонг соғылуына 98 секунд қалғанда ресейлік тізеге отырып қалып, жекпе-жекті жалғастыра алмады.
Осылайша, Шохжахон Эргашев кәсіпқой карьерасында 27-жеңісіне жетті, оның жиырма төрті нокаутпен. Оның еншісінде екі жеңіліс бар.
Ал Марк Урванов карьерасында сегізінші рет жеңіліп отыр. Оның бесеуі нокаутпен. Сонымен қатар, ресейлік боксшының еншісінде 26 жеңіс және екі тең нәтиже бар.