Жүкембаев карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейін қайтадан АҚШ-та жұдырықтасады

©instagram.com/batyr_jukembaev/

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (20-1, 16 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, Батыр 20 қыркүйек АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін бокс кешінде рингке шығады. Қарсылас әзірге белгісіз. 

Бұл қазақстандық боксшы үшін Америкадағы екінші жекпе-жек. 2021 жылы АҚШ-тағы бірінші айқас Жүкембаев үшін карьерасындағы алғашқы жеңіліспен аяқталған еді. 

Осыдан кейін Батыр Канада және Қазақстанда бір-бір жекпе-жектен өткізіп, екеуін де нокаутпен аяқтады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар