Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (24-1, 17 КО) өзінің бұрынғы қарсыласы, пуэрторикалық Сабриэль Матиастың (23-3, 22 КО) міндетті үміткер болған британиялық Далтон Смиттен (19-0, 14 КО) нокаутпен жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектің шешуші сәті бесінші раундта болды, осылай Матиас бірінші жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы атағынан айырылды.
Жүкембаевтың айтқаны"Ақиқат әрдайым жеңеді, арамдық алысқа бармайды! WBC-дің жаңа чемпионы Далтон Смитті құттықтаймын!", - деп жазды Жүкембаев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, жекпе-жек алдында Матиастың допинг-тестінен остарин анықталады. Алайда екі сынамада да заттың мөлшері 0,1 нг/мл шекті деңгейден төмен болғандықтан, Нью-Йоркте жаза қолданылмайды және оған титулын қорғауға рұқсат берілді.
Бұған дейін, 2021 жылы өткен Батырдың АҚШ-тағы бірінші айқасында Матиас жеңіске жеткен боалтын.