Бокс
17 желтоқсан 2021 17:40
 

Жүкембаев басқа салмаққа өтті ме? Қазақстандық боксшы Монреальдағы кездесу алдында "рекорд" көрсетті

  Пікірлер

blog.share

Жүкембаев басқа салмаққа өтті ме? Қазақстандық боксшы Монреальдағы кездесу алдында "рекорд" көрсетті ©

Қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварареске (28-10, 20 КО) қарсы Монреальда өтетін кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде өз үшін рекорд саналатын келіге жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев (18-1, 14 КО) мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварареске (28-10, 20 КО) қарсы Монреальда өтетін кездесу алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде өз үшін рекорд саналатын келіге жетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

30 жастағы Жүкембаев салмағы 68,2 келіні көрсетті. Ал бірінші орта салмақтың жоғарғы шегі 63,5 келі. Спортшының осыған дейін көрсеткен ең жоғары салмағы 2,5 жыл бұрын Луис Хесус Видалеске (18-8, 7 КО) қарсы кездесуде 65,4 болған еді. 

Жүкембаевтың қарсыласы Альварестің салмағына келсек, 60-62 келінің айналасында жүретін боксшы осы жолы 71,6 келіге бір-ақ жеткен. Сондықтан алдағы жекпе-жекті бірінші орта салмақта (69,85 келіге дейін) немесе орта салмақта (72,5 келіге дейін) өтеді деп есептеуге болатын сияқты.

Естеріңізге салай кетейік, Жүкембаев пен Альварес арасындағы кездесу ертең, 18 желтоқсан күні Канаданың Монреаль қаласында өтеді. Канададағы бокс кешін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Боксшының  айтуынша, тікелей эфир таңғы жетіде басталады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!