Бокс
20 ақпан 13:00

Жол шетіне ұшып кеткен. Атақты боксшы жол апатына түсті

©AllFight.Ru

Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы (жартылай орта және супер жеңіл салмақта), бокс аңызына айналған аргентиналық Маркос Майдана ауыр жол апатына түсті, деп жазады Vesti.kz.

Карьерасын 35-5, 31 КО рекордымен 2016 жылы аяқтаған 41 жастағы боксшы мотоциклмен автокөлікке соғылған екен. Маркос соқыдан мотоцикілмен бірге жол шетіне ұшып кетіпті. 

Абырой болғанда Майдананың жаныда командасы болған екен, олар бірден боксшыға жәрдем беріпті. Чемпион ауыр жарақаттар алмапты, бірақ, ауруханаға жеткенше ол аяғы мен арқасы ауырып тұрғанына шағымданған. 

"Маркос Майдана бүгінгі ауыр апатта аман қалды. Бүкіл әлемдегі жанкүйерлер мен осы сәтте тілектес болған барша жандарға алғыс айтамыз. Бәріне рахмет", - делінген аргентиналықтың Chino Promotions компаниясы таратқан ресми хабарламада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport