Бокс
4 желтоқсан 2019 17:47

"Жоғары деңгейдегі қарсылас". Британиялық маман Елеусінов жекпе-жегі нокаутпен аяқталуы мүмкін деген ойда

© Matchroom
Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов (8-0, 4 КО) бірінші рет қауіпті қарсыласпен жұдырықтаспақ. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында британиялық бокс сарапшысы Ли Кормли осындай пікір білдірді. 


Елеусінов 20 желтоқсан Финикс қаласындағы Talking Stick Resort аренасында 28 жастағы Алан Санчеспен (20-4-1, 10 КО) жекпе-жекке шығады. WBC Continental Americas белбеуі үшін өтетін кездесу форматы он раунд.

"Джейкобс пен Чавес андеркартындағы Елеусіновтің жекпе-жегі тамаша өту керек. Ол тамаша ортада. Әлем боксының элитасы. Бұл кеште Елеусіновті Келлимен салыстыруға болады. Бұл бірнеше жылда дивизион мықтыларына айналатын керемет боксшылар. 

Елеусіновтің қарсыласы - өте жоғары деңгейде. Соққысы жақсы мықты боксшы. Сегіз жекпе-жек қатарынан қарсыластарын сенімді жеңіп келді, тек соңғысында нокаутқа түсіп қалды. Ол Елеусіновтің өзге қарсыластарынан өзгеше. Санчес зиян келтіре алады. Ал бұл кәсіпқойға бейімделу кезеңін қызықты етеді. Тамаша жекпе-жек болады деген ойдамын, нокаут болуы да мүмкін", - дейді Кормли.