Орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде (29-0, 18 КО) мексикалық Сауль Альваресті (54-1-2, 36 KO) сынға алды.
Андраде "Канелоны" жалған чемпион деп атап, мықты қарсыластармен жұдырықтасуға шақырды.
"Канело" әлсіз қарсыластармен кездесіп, ақыры титулдарды жиып алғысы келеді. Ол нағыз чемпион емес, мұнысы нағыз мұра да болмайды. Бұл жігіттікке жатпайды. Бауырым, шынымен атақтының бірін жеңбейінше, P4P рейтингіндегі ең мықты боксшы сен емессің", - дейді америкалық Fighthype.com-ға берген сұхбатында.