Жетінші раундта есеңгіретті. Қазақ боксшы Англиядағы шоудың басты жекпе-жегінде WBC титулын жеңіп алды

Сурет: : boxingscene.com

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақта WBC International титулын иеленді,- деп хабарлайды Vesti.kz

Тұрсынбай MTK Global мен TOP Rank компаниялары Йоркширде (Англия) ұйымдастырған бокс кешінің басты жекпе-жегінде жергілікті Маклей Макгоуэнмен жұдырықтасты. 

Жекпе-жек толық он раунд өтіп, оның қорытындысы бойынша қазақ боксшы төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Құлахмет жетінші раундта қарсыласын нокдаунға түсіргенін айта кетейік. Ал сегізінші раундта төреші ереже бұздың деп Тұрсынбайдан бір ұпай шегерді. 

Бұл қазақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі екінші ғана жекпе-жегі.

Тұрсынбай Құлахмет бокстан Қазақстан құрамасы сапында 2019 жылы Азия чемпионы атанып, әлем чемпионатында қола жүлде иеленген.