Жеті нокауты бар қазақ боксшы "Канелоның" отанында жекпе-жекке шығады

© facebook.com/eottmboxing/
Жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Абылайхан Хұсайыновтың (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы рингке 15 сәуір Мексикада шығады. Боксшының қарсыласы әзірге белгісіз. 

Хұсайынов кейінгі рет 5 шілде Алматыда жұдырықтасып, үшінші раундта армениялық Гарник Харутюнянды (3-2, 2 КО) нокаутпен жеңген.

Еске салайық, былтыр желтоқсанда Хұсайнов Eye of Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшартты үзген. Қазір ол АҚШ-та жаттығады. 

Жаңалықтар